Podcast: Play in new window | Download
Нәркес Булекова – феминист, тәуелсіз белсенді және ашық лесбиян. Сұхбатта өзін-өзі тану жолы, Қазақстандағы ЛГБТИК+ қауым өкілдеріне қарсы бағытталған таптаурындар мен езушіліктер, көлеңкеде жүргендердің coming out, яғни өзін-өзі ашып айтуға сескенудің себептері, өзін ЛГБТИК+ өкілі ретінде сезінетін және өз қауіпсіздігін сақтай тұрып, ашық өмір сүргісі келетіндерге, сол жағдайдан шығу жолдары туралы әңгімелестік.
Подкаст жүргізушіcі: Диана Тойымбек
Дизайн: Мариям Тоқанова
Аудиомонтаж: Дана Нұрмағамбетова
Music: DLN & Electric Child
Подкастта қозғалған ЛГБТИК+ қауымына қолдау көрсететін Қазақстандық ұйымдардың тізімі:
- Қазақстан Феминист Бастамасы «Феминита» http://feminita.kz
- Қазақстандық ЛГБТ қоғамына арналған ресурс «Kok.team» https://www.kok.team
- Қазақстандық трансгендер тұлғаларға адвокациялық және басқа да көмек түрлерін көрсететін бастама «Alma-TQ» https://www.alma-tq.org
Тайм-кодтар:
10:22:10:27 – Мен өмір бойы феминистка болып жүріппін, бірақ оның феминизм деп аталатынын білмеппін.
25:33-25:45 – Ал білмеген зат, егер ол адам ізденбесе, егер ол адам оқымаса, онда әлбетте оның басында таптауырындар пайда болады, ол таптауырындар өшпенділікке алып келеді. Осының барлығы гомофобия деп аталынады.
31:15-31:18 – Сөз еркіндігі жоқ елдерде, гомофобия міндетті түрде болады.
41:54-41:58 – Лезбиан адамдардың репрезентациясы жоқ, прообразы.
46:07-46:26 – Әр адам саналы өмір сүрсе керемет болар еді негізінде, өйткені саналы өмір сүру деген – ақпараттың барлығын қабылдай білу, оны сараптай білу, сүзбес арқылы өткізе білу, онда ешқандай да таптаурындар да, дискриминация, дегомунизация ешқандай болмар еді.
57:07-57:12 – Қауіпсіз ортаға түспегенге дейін, каминг-аут жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
01:21:23-01:21:28 – Ол өте үлкен бақыт шынымды айтсам, өзің сияқты адамдардың ортасында ашық сөйлесе білу.
01:29:00-01:29:09 – Ал егер тым ыңғайсыз ортада болсаңыз, өзіңізге қол ұшыңызды созыңыз. Ең бірінші өзіңізбен диалог жасаңыз.
Эпизодты бізбен бірге Телеграмда талқылау Подкастты Patreon-да қолдау
Подкастқа тіркелу:
- iTunes (Apple/iOS)
- Stitcher (Android)
- Telegram каналы
- Spotify
- Подкасты ВКонтакте
- Yandex Music